Just Wrestling
Күрес

Дін-Мұхамед Қошқар - Азия чемпионы!

Дін-Мұхамед Қошқар - Азия чемпионы!
news-banner7
mobile-news-top

Өзбекстанның астанасы Ташкентте күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты басталды. Дүбірлі доданың алғашқы күні грек-рим күрес (45, 48, 51, 55, 60, 92, 110 кг) шеберлері боз кілемде кім мықтыны анықтады.

Туыс өзбек елінің төрінде балуандарымыз жасымады. Әуелі 45 келідегі Мақсат Ерманов үшінші орын үшін белдесуде қытайлық балуанды ұтып, қола медаль иеленді. Ал кейін талдықорғандық балуан Исхар Курбаев 48 келіде финалдық белдесуде Иран балуаны Саджад Джавидтен ұтылып, ел қоржынына күміс медаль еншіледі. Ақтық сынға жолдама алған тағы бір балуанымыз Дін-Мұхамед Қошқар (55 келі) кілем қожайыны Амирбек Султоновты 3:1 есебемін тізе бүктіріп, Азия чемпионы атанды. Жеңімпаз балуанымызға диплом, алтын медальмен қатар арнайы белбеу табысталды. Сонымен қатар, Жамбыл өңірінің тумасы қазан айында Аргентинада өтетін III Олимпиада ойындарына жолдаманы жеңіп алды. Аталмыш жолдама тек Азия чемпионы атанаған балуандарға беріледі.

Естеріңізге салайық, бұған дейін балуандарымыз Олимпиада ойындарынан үнемі жүлдемен оралған. Жамбылдық балуан Жәнібек Қандыбаев 2010 жылы Сингапурде өткен Олимпиадада чемпион атанды. Ал солтүстікқазақстандық Ақан Баймағанбетов (2010) пен атыраулық Евгений Поливадов (2014) жүлделі орыннан көрінген болатын.

Өкінішке қарай, Мадияр Мәулитқанов (60кг), Родион Искожиндер (110 кг) қола медаль үшін белдесуде қарсыластарының мықытылығын мойындауға мәжбүр болды. Ал Диас Әскербай (51кг) бірінші айналымда өзбек балуанынан ұтылса, 92 келідегі Дәурен ширек финалда кореялық балуанға есе жіберді.

Айта кетейік, ертең боз кілемде Қарабаев Абдиазим (65кг), Эюбов Вейсал (71кг), Ерланов Ерзат (80кг) бақтарын сынайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер