Симеоне еурокубоктардың төрт матчынан шеттетілді

Симеоне еурокубоктардың төрт матчынан шеттетілді

УЕФА-ның Тәртіптік комитеті «Атлетиконың» бас бапкері Диего Симеонені еурокубоктың төрт матчынан шеттетіп, 10 мың еуро айыппұл салды.

Симеоне мұндай жазаны Еуропа лигасы жартылай финалындағы «Арсенал» мен «Атлетико» (1:1) матчындағы әрекеті үшін алды. Ол бірінші таймның басында төрешіге тіл тигізгені үшін алаңнан қуылған болатын.

Енді Симеоне 16 финалда өтетін Еуропа лигасының финалындағы «Марсельге» қарсы ойынға қатыспайды. Шеттетілген төрт матчының біреуін бапкер «Арсеналға» қарсы қарымта ойында өтеп тастады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или