ҚР ашық чемпионаты: Бес елдің дзюдошылары Өскеменде бақ сынайды

ҚР ашық чемпионаты: Бес елдің дзюдошылары Өскеменде бақ сынайды

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 5 мамырға дейін жалғасатын додаға  23 жасқа дейінгі әйел және ер балуандар қатыса алады.

<span>Аталған біріншілікке Қазақстанның 14 облысы, Астана және Алматы қаласынан жиналған татами шеберлерінен бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мемлекеттерінен келген балуандар 7 салмақ дәрежесі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың алғашқы күні әйелдер 48, 52 және 57 келі салмақта мықтыларды анықтаса, ерлер 60, 66 және 73 келі салмақта сынға түседі. Ал 5 мамыр күні әйелдер арасында 63, 70, -78 және +78 келі салмақтағы мықтыларды анықтаса, ерлер 81, 90, -100 және 100 келіден жоғары салмақтағы балуандар арасындағы үздіктерді анықтайтын болады.</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или