Қазақстандық теннисші АТР рейтингісінде бірден 56 сатыға көтерілді

Қазақстандық теннисші АТР рейтингісінде бірден 56 сатыға көтерілді

<span>Қазақстандық теннисші Денис Евсеев қатарынан үш жарыста жеңімпаз атанып, Кәсіпқой теннисшілер Қауымдастығының (ATP) жаңартылған рейтингісінде 56 орынға көтерілді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.</span>

<span>Шымкентте өткен ITF сериясының жарысының ақтық сынында ресейлік Теймураз Габашвилиді жеңіп, топ жарған. Кездесу екі сетке ғана созылып, 6:2, 6:3 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына шешілді.</span>

<span>Осылайша, Денис Евсеев үш турнирде қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Денис ATP-тың жаңартылған рейтингісінде 476-шы орыннан 421-ші сатыға көтерілген. Ал Александр Бублик 142-ші, Михаил Кукушкин 96-шы.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или