русский язык
Күрес

Ислам Бозбаев ауруханаға түсті

Ислам Бозбаев ауруханаға түсті

Қазақстан құрамасының дзюдошы Ислам Бозбаев Теміртауда оқ тиіп, жараланды.

Бозбаев Теміртау қаласында достарының бірінің тойының үстінде аяғынан жарақат алған, деп спортшының жеке жаттықтырушысы Сергей Дмитриенкоға сілтеме жасап, Қазақстанның дзюдо қауымдастығында хабарлады. Дмитриенконың сөзіне қарағанда, мейрамханаға келгендер арасында дау шығып, қару қолданылған. Атыс кезінде оқтың бірі Бозбаевқа тиген.

Сондай-ақ, жаттықтырушы Қарағанды облысы ІІД тергеу жүргізіп жатқанын айтты, күдіктілердің жеке бас мәліметтері анықталуда, болған оқиғаның басқа мәліметтерінің әзірге беті ашылған жоқ.

Ислам Бозбаев 2010 жылғы Азиада ойындарының күміс жүлдегері атанған, сондай-ақ Азия чемпионатында екінші орынды иеленген. 2012 жылы дзюдошы Олимпиада ойындарына қатысқан, ал 2013 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында өнер көрсеткен. Қыркүйекте Бозбаев дзюдо бойынша Алматы қаласында Гран-при кезеңін ұтып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;