ШҚО-да еркін күрестен республикалық турнир өтуде

ШҚО-да еркін күрестен республикалық турнир өтуде

ШҚО-ның Жарма ауданында еркін күрестен 2001-2003 ж.т. және 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Жақсылық Уалиевты еске алуға арналған республикалық турнир өтуде.

Осымен он үшінші мәрте дәстүрлі түрде өткізіліп отырған жас балуандар додасында аймақтан 19 команда, Алматы, Атырау облыстарынан және Қырғызстаннн келген 200 спортшы күш сынасуда. 2001-2003 ж.т. қатысушылар 10 салмақта, ал 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер екі салмақ дәрежесінде өз өнерлерін ортаға салмақ.

 – Бұл турнир еркін күрес спортын жастар арасында кеңінен насихаттап, олардың шеберлігін шыңдау мақсатымен өткізілуде. Осындай ауқымды жарыстарда бақ сынап, олардың тәжірибесі де толысады, – деді жарыстың бас төрешісі Оралбек Қойшыбаев.

Боз кілем бәсекесі екі күнге жалғасады. Ақтық сында өнер көрсеткен спортшылар тек жүлделер иеленіп қана қоймай, спорт шеберлігіне үміткер атағын да орындайды.

 

ШҚО Дене шынықтыру және спорт

 басқармасының баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или