Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтеді
<span style="font-family: 'Arial',sans-serif;">4-6 мамыр аралығында Ақтау қаласында Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим күресінен халықаралық турнир өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды. </span>
<span style="font-family: 'Arial',sans-serif;">Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан турнир жастар арасында өтеді. Додада бағы мен бабы қатар шауып топ жарған балуандарға алдағы уақытта әлемдік аренда өнер көрсетуге мүмкіндік туады.</span>
<span style="font-family: 'Arial',sans-serif;">Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл турнир Алматы қаласында өткен болатын. Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 маусымда Қазақ КСР-дағы Жамбыл облысы, Свердлов ауданының «Чапаев» ауылында дүниеге келген. Ол Кеңес Одағының классикалық стильдегі күрес палуаны, ҚСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР-ның еркін күрес бойынша жеңімпазы. Сонымен бірге, Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес Одағының екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980), КСРО біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980).</span>