Күрес

Ақжүрек Таңатаров Қазақстан чемпионатында белдеседі

news-banner7
mobile-news-top

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров күрес түрлерінен өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.

Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Шымкетте өтетін ел біріншілігінде белдеседі. 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында өтетін байрақты бәсекеде еліміздің ең үздік балуандары өнер көрсетіп, Азия ойындарына жолдама алу үшін барын салады. Таңатаров бұл додада 74 келі салмақта сынға түседі.

Айта кетейік, Ақжүректің салмағында Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов, Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Данияр Қайсанов пен Жігер Закиров және Болат Сақаев сында мықты балуандар бар.

Түпнұсқасы: Qsport.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер