Әлем футболы

Месси ең бай футболшылар тізімінде көш бастады

Месси ең бай футболшылар тізімінде көш бастады
news-banner7
mobile-news-top

France Football әлемнің ең бай футболшылары мен бапкерлерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең бай футболшылар тізімін «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси бастады. Аргентиналық ойыншы жылына 126 млн еуро табыс табатын болып шықты.

Екінші орында «Реал» ойыншысы Криштиану Роналду. Оның жылдық табысы 94 млн еуро. Үздік үштік қатарына жылына 81,5 млн еуро табатын ПСЖ шабуылшысы Неймар енді.

Ең жоғарғы табыс табатын бапкер «Манчестер Юнайтед» тізгінін ұстаған Жозе Моуринью. Ол жылына 26 млн еуро таза табыс табады екен. Қытайда жүрген Марчелло Липпи 23 млн еуро көлеміндегі жылдық табысымен екінші орында. 22 млн еуро табыспен «Атлетико» бапкері Диего Симеоне үздік үштік қатарында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер