Ұлан Рысқұл «Жетісу бөрісі» атанды
<span>Талдықорған қаласында Елбасының жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турниріне іріктеу өтті.</span>
<span>Облыстың аудандары мен қалаларынан 40-қа жуық балуан қатысқан дүбірлі доданың ақтық сынына Ұлан Рысқұл мен Александр Касачев шықты. Финалда Ұлан Рысқұлдың мерейі үстем болды. «Жетісу бөрісі» атанған Ұланға «Лада Гранта» көлігінің кілті табысталды. Ал күмісті місе тұтқан Александр Касачев 1 миллион теңгеге ие болды.</span>
<span>Айта кетейік, өткен жылы дәл осы сында Ұлан Рысқұл мен Александр Касачев финалда жолыққан болатын. Ол кезде Александр Касачев қарсыласынан басым түскен еді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или