Алматыда дзюдодан Азия Кубогы өтеді

Алматыда дзюдодан Азия Кубогы өтеді

Сәуірдің 21-22 аралығында Алматыда Қазақстан дзюдо Федерациясының құрметті президенті Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың құрметіне арналған жастар арасында Азия кубогы өтеді, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Аталмыш турнир Халықаралық дзюдо Федерациясының күнтізбесіне енгізіліп, 300-ге жуық спортшыларды қабылдайды. Жарыс мына салмақтар бойынша өтеді: (еркектер: -55, -60, -66, -73, -81, -90, -100, +100 келі; қыздар: -44, -48, -52, -57, -63, -70, -78, +78 келі).

IJF заңына сай турнирдің чемпиондары мен жүлдегерлеріне рейтингтік ұпай беріледі: 1 орын – 100, 2 орын – 60 және 3 орын – 40.

Жарыс бағдарламасы

21 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ашылу салтанаты – 16:00

Финал– 16:30

Еркектер: -55, -60 , -66;

Қыздар: -44, - 48, - 52, -57;

22 сәуір

Жарыстың басталуы – 10:00

Финал – 16:30

Еркектер: -73 , -81 , -90, -100 , +100 ;

Қыздар: -63, -70 , -78, +78;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или