Қазақстандық дзюдошылар Анталияда бесінші орын алды

Қазақстандық дзюдошылар Анталияда бесінші орын алды

Қазақстандық дзюдошылар Анталиядағы Гран-при кезеңінде сәтсіз өнер көрсетті. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті жазды. 

Өкінішке қарай, отандастарымыз жүлделі орынға іліне алмады. Үш дзюдошымыз жарыс қорытындысы бойынша бесінші орын алды: Ержан Еренғайыпов (60 келі), Елдос Жұмақанов (66 келі) және Камила Берликаш (+78 келі).

Тағы үш дзюдошымыз жетінші орында жайғасты: Севара Нишанбаева (57 келі), Зарина Райфова (78 келі) және Гүлжан Исанова (+78 келі).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или