Анталиядағы Гран-придің алғашқы күні дзюдошыларымызға жүлде бұйырмады
<span>Анталияда өтіп жатқан әлемдік Гран-придің алғашқы күнінде дзюдошыларымыз жүлдесіз қалды, деп хабарлайды Qsport.kz. </span>
<span>Бүгін Түркия татамиінде ел намысын қорғаған спортшыларымз жүлделі орынға қол жеткізе алмады. Бозкілемге шыққан 7 спортшының бесеуі іріктеу кезеңінен өте алмай, жарысты ерте аяқтады. Тек 60 келіде сынға түскен Ержан Еренғайыпов пен 66 келіде күрескен Елдос Жұмаханов жартылай финалға дейін жетіп, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алған. Өкінішке орай, Ержан қола медаль үшін белдесуде америкалық Адонис Диасқа есе жіберсе, Елдос маңғол балуаны Керлен Ганболдтың осал тұсын таба алмады.</span>
<span>Айта кетейік, 6-8 сәуір күндері өтетін дүбірлі додада ел намысын 20 дзюдошы қорғайды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или