Kazakh Bet
Әлем футболы

Сәуірді тәуір бастайық

Сәуірді тәуір бастайық
news-banner7
mobile-news-top

Ұзақ үзілістен соң Чемпиондар Лигасы қайта оралды. Бүгін еурододаның ширек финалында екі ойын өтеді.

Туриндік Ювентус өз алаңында мадридтің Реалын қабылдайды. Букмекер бұл ойында Зиданның командасын фаворит санап отыр. Алайда бұл қате пікір. Себебі Ювентус өз алаңында әрқашан қорғаныста тас-қамалдай, шабуылда қорғаушы шыдатпай ойнайтын.

Қос команда арасындағы соңғы бес ойын:

04/06/17 Ювентус - Реал Мадрид 1:4

14/05/15 Реал Мадрид - Ювентус 1:1

06/05/15 Ювентус - Реал Мадрид 2:1

06/11/13 Ювентус - Реал Мадрид 2:2

24/10/13 Реал Мадрид - Ювентус 2:1

Соңғы екі ойында туриндік команда жанкүйерлерінің алдында жеңіліс дәмін татпаған. Бүгін де сол дәстүрді жалғастыру қажет. Дегенмен Реал Мадрид әр ойында алаңнан гол соқпай кетпейді. Бұл жолы да кем дегенде бір доп салу керек. Біздің болжам - екі команда да гол соғады.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. 1/4 финал. Алғашқы ойын.

Ювентус - Реал Мадрид: екеуі де гол соғады - 1.78

1/8 финалда Манчестердің Юнайтедін өткен Севильяға жеребе жолдас болмады. Испаниялық ұжым азулы Бавариямен жолдама тағдырын шешеді. Бұл жұптың фавориті бәріне де белгілі. Иә, Севилья қарымды Манчестерді қапы қалдырған, алайда бұл жолы Бавария Жозе Моуриньоның қателігін қайталмайды. Испаниялық команда өз алаңында қарсыласының қарымына қанша тойтарыс бергенімен, қонақтар мықты футболшыларының есебінен жеңіске жету қажет. Біздің болжам - Бавария жеңіске жетеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. Плей-офф. 1/4 финал. Алғашқы ойын.

Севилья - Бавария: Бавария жеңіске жетеді - 1.63

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер