Күрес

Дәулет Тұрлыханов: Азиадада бір алтын алуды көздеп отырмыз

Дәулет Тұрлыханов: Азиадада бір алтын алуды көздеп отырмыз
news-banner7
mobile-news-top

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында даңқты балуан Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы дәстүрлі республикалық турнир аяқталды.

Жарыс үш күнге созылды. Сәуірдің бірінші күні мәресіне жеткен турнирден кейін Дәулет Тұрлыханов әрбір команданың көрсеткен нәтижесіне қарай баға берді. Ешкім де қараусыз қалмады. Аға жаттықтырушылардан бастап төрешілерге дейін сынға ілінді. Артынша тілшілер қауымымен сырласып, жарыстың өтуі жайлы, Ұлттық құраманың нәтижелері туралы айтып берді.

- 19-ші рет ұйымдастырылып отырған бұл жарыс (Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған дәстүрлі республикалық турнирі – авт.) жоғары деңгейде өтті. Турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірен 30 команданың спортшылары бақ сынады. Оның ішінде төртеуі – Республикалық спорт интернаты, сондай-ақ Жақсылық Үшкемпіров, Хаис Аққалиев, Болат Тұрлыханов және Дәулет Тұрлыхановтың спорт мектептері бар.

Жасөспірімдер Ұлттық құраманың болашағы. Қазірден бастап дайындалса бұл балуандардан үлкен нәтиже шығады. Алда жастар құрамасы, одан кейін Ұлттық құрамаға іліну керек. Ел Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиевтен кейін бір мықты балуан шықпады деп айтпауы қажет. Өкінішке қарай, қазір олардың ізін басатын балуан жоқ. Бірақ біз мұнымен күресуіміз керек.

ÐÐ»Ð¼Ð°Ñ ÐебÑÑбаев ÓÐ»ÐµÐ¼Ð´ÐµÐ³Ñ Ò¯Ð·Ð´Ñк балÑандаÑдÑÒ£ кÓÑÑн баÑÑап ÑÒ±Ñ

Қазіргі уақытта жасөспірімдер, жастар құрамасының көрсетіп жүрген нәтижелері көңіл қуантады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы Бішкекте өткен Азия біріншілігінде жақсы өнер көрсетті. Біздің спортшылар екі алтын медальмен жалпыкомандалық есептік көрсеткіште алдына тек жарыс қожайындары – Қырғызстан құрамасын жіберді. Негізі біздің жігіттердің бұдан да көп жүлде алуына мүмкіндіктері болды. Сол Тінәлиев қатысқанда үш алтын боларына сенімдімін. Дегенмен Ұлттық құрамаға баға беретін уақыт әлі келмеді. Алда тамыз айында Джакарта қаласында Азиада ойындары өтеді. Дүбірлі додада балуандар алты салмақ дәрежесі бойынша алты алтынды сарапқа салады. Осы алты алтынның біреуі бізге бұйыруы тиіс. Біздің жоспар осындай. Алмат Кебіспаев пен Нұрмахан Тінәлиевтің алтыннан үміті көп. Сонымен қатар, Мейрамбек Айнағұлов осы алған бетінен танбаса, жүлдеге ілініп қалуы әбден мүмкін.

Ұлттық құрама қазіргі уақытта екіге бөлініп, әр елде жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Мысалы, ауыр салмақтағы балуандарымыз Грузияда дайындықтарын пысықтап жатыр. Өйткені ол жерде ауыр салмақтағы балуандарымызға спарринг қарсылас тапқан оңай. Нұрмаханның он бірдей қарсыласы бар. Оның үшеуі әлемдік жарыстардың жүлдегерлері. Ал жастар құрамасы Үндістанның Дели қаласында өттін әлем біріншілігіне дайындалып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер