UFC президенті: Тым көп ақша тігілді, GGG - Канело жекпе-жегі өтеді

UFC президенті: Тым көп ақша тігілді, GGG - Канело жекпе-жегі өтеді

29 наурыздан бастап қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің ұйымдастырушылары жарнама кампаниясын тоқтатса да, UFC президенті Дана Уайт бокс кешінің өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz жазды. 

«Головкин мен Альварес жекпе-жегі өтеді. Бәске тым көп ақша тігілді», - деді Уайт TMZ басылымына берген сұхбатында.

Бұдан бөлек, Америкадағы бірнеше БАҚ «5 мамырда Лас-Вегаста жоспарланған жекпе-жек билеттерін қайтаруға асықпаңыздар» деп жазып жатқанын айтады.

«Канело» екі рет оң нәтижесі допинг-сынама тапсырып, қанынан тыйым салынған кленбутерол препараты табылған соң 24 наурызда Невада штатының атлеттік комиссиясы оны жекпе-жекке қатысудан шеттетті. Сәуірдің 18-інде мексикалық боксшыға қатысты соңғы үкім белгілі болмақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или