Kazakh Bet
Әлем футболы

Футбол мерекесі қайта оралды

Футбол мерекесі қайта оралды
news-banner7
mobile-news-top

Көптен күткен футбол мерекесі қайта оралды. Ұлттық құрамалардың жолдастық ойындарына байланысты орнаған «тыныштықтан» соң барлық чемпионаттар басталды.

Бүгін неміс Бундеслигасының соңғы жылдардағы бет-бейнесі, көшбасшылары Бавария мен дортмундтық Боруссия күш сынасады. Дортмундтық команда соңғы уақытта нашар көрсеткіштер көрсетіп жүргенімен, бұл командалар арасындағы ойын әрқашан тартысқа әрі күтпеген нәтиежеге толы болған. Бүгін де қос команда гол соғудан сараңдық таныта қоймайды.

Германия. Бундеслига.

Бавария - Боруссия Дортмунд: Қосымша тотал 2.5-тен көп -1.45

Сондай-ақ Италия жерінде де мереке болмақ. Туриндік Ювентус атажауы Миланды қабылдайды. Милан да Боруссия секілді соңғы уақытта сүреңсіз ойын көрсетіп жүргенімен, Ювентуске қарсы кездесуге ерекше жігермен шығады. Италия біріншілігінде көшбасшылар кездескенде гол көп соғыла қоймайды. Дегенмен бүгін Ювентус пен Милан алаңнан бір-бір голдан соқпай кетпейді.

Италия. А Сериясы.

Ювентус - Милан: Қосымша тотал 1.5-тен көп -1.43

Бұл екі ойынды бір экспресс етіп алсаңыз болады. Жалпы коэффициенті 2,07-ні құрайды.

А Сериясы аясында тағы бір қызық матч бар. Лацио мен Беневенто үш ұпай үшін күш сынасады. Бұл ойында айқын фаворит алаң иелері. Лацио мұндай қарсыластан оңай айласын асыру қажет. Бұл кездесуде Лацио ірі жеңіске жетуі керек.

Италия. А Сериясы.

Лацио - Беневенто: Лацио жеңіске жетеді және қосымша тотал 1.5-тен көп -1.56

Голландия біріншілігіне болжам жасамағалы ұзақ уақыт өтіпті. Бүгін ПСВ өз алаңында Бредамен кездеседі. Бұл ойында да фаворит - алаң иелері. ПСВ ұпайдан шашау шығармауы керек. Оларға әрбір ұпай ауадай маңызды. Бүгін Бреданы жеңіп, чемпиондыққа таласты жалғастыру қажет. Бұл ойында алаң иелері екі доп соғып, жеңімпаз атану керек.

Нидерланды. Эредивизи

ПСВ Эйндховен - Бреда: ПСВ 1,5 доп айырмашылығымен жеңіске жетеді.

Міне біздің бүгінге деген болжамымыз осындай. Сәттілік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер