Kazakh Bet

Ел чемпиондары ұпайдан шашау шығармайды

Ел чемпиондары ұпайдан шашау шығармайды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының үшінші тур ойындары өтеді.

Ел чемпиондары өз алаңында «Қайсарды» қабылдамақ. Әзірге «Астана» ұпайдан шашау шығармай келеді. Бірінші турда «Ақжайықты» «Астана Арена» төрінде тас-талқан етіп жеңсе, келесі кезеңде талдықорғандық «Жетісуды» сырт алаңда оңай ұтты. Григорий Бабаянның командасы әзірге мығым болып көрінеді. Оның үстіне ұпай жоғалтпай келеді.

Ал «Қайсардың» жағдайы керісінше. Маусымда еурокубок жолдамасына таласқа түседі деп үміт күткен «қасқырлар» әзірше сүреңсіз ойын өрнегін көрсетіп жүр. Алғашқы турда «Ақтөбенің» жастарына есе жіберген олар екінші кезеңде «Ақжайықпен» тең түсті. Үшінші ойынында да жеңіске жете алмайтын түрі бар қызылордалықтардың.

«Астана Арена» төрінде өтетін ойында «Астана» қонақтарды аямасы анық. Көп күш сарқымай-ақ өзінің жоғары деңгейлі футболшыларының арқасында жеңіске жетуі қажет. Біздің болжам - «Астана» 1,5 доп айырмасымен жеңіске жетеді.

Қазақстан. Премьер-Лига. Үшіні тур

«Астана» - «Қайсар»: «Астана» 1,5 доп айырмасымен жеңіск жетеді - 1,55

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер