Еркін күрестен ұлттық құрамаға айыппұл салынуы мүмкін
Қазақстанның еркін күрестен ұлттық құрамасы АҚШ визасын ала алмай жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Мұхиттың ар жағында жақында еркін күрестен Әлем кубогы өтеді.
Қазақстанның құрамасы 2017 жылы жақсы рейтинг көрсетіп, Ресей, Әзербайжан, Куба елдерімен бір топқа түсті. Алайда біздің бірқатар мықты палуандарымыз виза ала алмай жатыр.
«Бүгінгі таңда АҚШ 4 палуанға виза беруден бас тартты. Себеп белгісіз. Біз АҚШ-тың күрес федерациясына хабарластық. Олар АҚШ елшілігінің шешіміне әсер ете алмады. Атап айтқанда, Әлем кубогына жастар арасындағы әлем чемпионы Қуатбек Мұхамбет пен Қайрат Әміртаев бара алмайтын болып тұр», - деді грек-рим, еркін күресінен Қазақстан федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай.
Айта кету керек, Әлем кубогына Ресей мен Иран құрамасы да виза ала алмай жатыр.
«Біз визаға құжаттарды қайта тапсырдық. Екі спортшыныкі мақұлданбады. Турнирге бармауға болмайды. Себебі федерация қомақты айыппұл төлейді», - деді Қазақстан құрамасының кеңесшісі Майрбек Юсупов.