UWW Қазақстан құрамасына айыппұл салуы мүмкін
Еркін күрестен Қазақстан құрамасы Америка Құрама Штаттарында өтетін әлем Кубогына қатыспауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz сайты.
<span>Бұған себеп, қазақстандық төрт балуан АҚШ-қа аттану үшін визасын ала алмай отыр. Бұл туралы греко-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Ерлан Қожасбай мәлімдеді. АҚШ елшілігі төрт бірдей спортшыға себепсіз виза бермеген. Қазақстан тарапы Әлем Кубогын ұйымдастырушыларға аталған жайт туралы хабарлап, көмектесуді сұраған. Алайда мәселе шешілмеген.</span>
<span>Қазіргі таңда Қазақстаннан бөлек АҚШ-қа Ресей мен Иран балуандары да виза ала алмаған. </span>
<span>Егер де Қазақстан құрамасы әлем Кубогына қатыса алмаса UWW (Біріккен күрес әлемі) ұйымына үлкен көлемде айыппұл төлейді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или