Садриддин Ахмедов Давид Лемьенің промоутерімен келісімшартқа отырды
Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионы, қазақстандық талантты боксшы Садриддин Ахмедов танымал канадалық Eye of the Tiger Management компаниясымен келісімшартқа қол қойды.

Енді 20 жастағы жас бокс жұлдызы IBF нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Дэвид Лемьенің промоутері канадалық Камиль Эстефанмен бірге жұмыс істейтін болады.

Садриддин Ахмедов Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының қатарына қосылған алғашқы қазақстандық емес. Бұған дейін бұл компания сапында Нұрзат Сабиров (4-0-0, 4КО), Абылайхан Хусайынов (7-0-0, 5КО) және Батыр Жүкембаев (11-0-0, 8КО) қатарлы қазақстандық боксшылар болған.
Ал Квебекте (Канада) дайындық жұмыстарын бастап кеткен Садриддин 7 сәуір күні дебюттік жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр.