Kazakh Bet
Әлем футболы

Бразилия немістерден Әлем біріншілігіндегі кеткен есесін қайтара ма?

Бразилия немістерден Әлем біріншілігіндегі кеткен есесін қайтара ма?
news-banner7
mobile-news-top
Қайырлы кеш, футбол сүйер қауым! Kazakh Bet тобы бүгін өтетін Ұлттық құрамалар арасындағы жолдастық ойынға болжам ұсынады.

Әлем чемпионатының қожайындары Ресей өз алаңында Франция құрамасын қабылдайды. Қос ұжым да соңғы ойынында жеңіліс тапты. Ресей өз алаңында Бразилияға төтеп бере алмаса, француздар Колумбия футболшыларына жеңісті соңғы минуттарда беріп қойды. Ресейліктер Бразилияға қарсы ойында әлі де болсын әлем біріншілігіне дайын еместігін, жоғары деңгейде ойнай алмайтынын дәлелдеді. Ал Франция құрамасы тартысты ойында өкінішті жеңіліске ұшырады.

Бүгін екі ұжым жасыл алаңға негізгі құрамын шығарады (төменгі суретте).

Соңғы рет Ресей мен Франция құрамасы 2016 жылы кездескен. Аталмыш ойында сол кездегі алаң иелері - француздар 4:2 есебімен жеңіске жетті. Бүгін, керісінше, Ресей құрамасы - алаң қожайыны. Дегенмен, ресейліктердің жеңіске жете қоюы неғайбыл. Француздар қарсыластарына қарағанда деңгейлері жағынан бір бас жоғары. Біздің ойымызша екі команда да гол соғады, бірақ жеңіске Франция құрамасы жетеді. Ал сіздерге ұсынатын болжамымыз - матчта 2-ден көп гол соғылады.

Жолдастық ойын. Ресей - Франция

Болжам: тотал 2-ден көп - 1.45

Бүгін түнде бізді тағы бір қызық матч күтіп тұр. Әлем чемпиондары Германия құрамасы Бразилия ұжымымен күш сынасады. Қос команда арасындағы ойын әркез тартысты өткен. Өйткені немістер де, бразилиялықтар да әлемнің үздік ұжымдары. Әлем чемпиондығына таласып жүрген құрамалар. Дегенмен аталған екі команда арасындағы соңғы ойын - 2014 жылғы Бразилиядағы әлем біріншілігі аясында өткен. Футбол жанкүйерлері бұл ойынды жақсы білетін болар. Себебі сол кездегі неміс машинасы жарыс қожайындарын 7:1 есебімен тас-талқан етіп жеңген. Бүгін Бразилия құрамасы сол кездегі кеткен есесін қайтаруға тырысатыны анық. Бірақ Германияның құрамы биыл да мықты. Конфедерация Кубогын жеңіп алған Йоахим Левтің командасы оңайшылықпен жеңіске қолдан бере қоймайды.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ Ð³ÐµÑÐ¼Ð°Ð½Ð¸Ñ Ð±ÑÐ°Ð·Ð¸Ð»Ð¸Ñ 7-1

Тартысты өтетін ойында жанкүйерлер голдан кенде болмасы анық. Екі команда да ашық футбол көрсетуге тырысады. Қай құраманың жеңіске жететін болжам айту қиын. Дегенмен Германия да, Бразилия да гол соғатынына күмәнданбаймыз. Біздің болжам - қос құрама да гол соғады.

Жолдастық ойын. Германия - Бразилия

Болжам: екі команда да гол соғады - 1.70

Экспресстің жалпы коэффициенті - 2.5

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер