Kazakh Bet

Болгария - Қазақстан: қос ұжымның да жеңістен дәмесі бар

Болгария - Қазақстан: қос ұжымның да жеңістен дәмесі бар
news-banner7
mobile-news-top

Қайырлы кеш, достар! Бүгін Қазақстан құрамасы сырт алаңда Болгария ұжымымен жолдастық ойын өткізеді.

Жолдастық деген тек аты болмаса, алаңда футболшылар жан берісіп, жан алысқан ойын көрсетеді. Станимир Стоилов Ұлттық құрама тізгініндегі алғашқы ойынында жеңіске жеткен болатын. Қазақстан құрамасы күтпеген жерден азулы Венгрияны қапы қалдырып кетті. Ал болгарлар жанкүйерлерінің алдында ұятқа қалды. Петар Хубчевтың командасы Босня және Герцеговина құрамасына есе жіберді.

Жеңістің иесін сезген қазақ құрамасы қалай да оң нәтижеге қол жеткізуге тырысады. Дегенмен алаң қожайындары да өткен ойындағы қателіктен сабақ алып, жанкүйерлерінің алдында "кінәларын" жуып-шаяды. Бұл ойында кімнің жеңіске жететін болжау қиын, себебі матч өте тартысты өтеді. Қос ұжым да қарсыласының бір ғана қателігін пайдаланып, гол соғып кетуге қауқарлы. Букмекерлер де коэффициент беруде сараңдық танытпапты. Болгарлардың жеңісіне 1.70 берсе, екі команда да гол соғады дегенге 2 коэффициенттен асып беруде.

ÐаÑÑинки по запÑоÑÑ ÐºÐ°Ð·Ð°ÑÑÑан болгаÑÐ¸Ñ 1:2

Екі құрама бұған дейін тек бір мәрте кездескен. Алматы төрінде өткен ойында қонақтар 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Әрине, 2013 жылдан бері талай өзгерістер орын алды. Дегенмен жоғарыда атап өткендей, жеңіс дәмін сезінген Қазақстан құрамасы бүгін қалай жеңіске жетуге тырысады. Сол себепті алаңнан гол соқпай кетпейді. Біздің болжам - Қазақстан құрамасы гол соғады.

Жолдастық ойын. Болгария - Қазақстан

Болжам: Қазақстан құрамасы гол соғады - 1.75

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер