Камила Берліқаш Тюринги кубогында қола жүлдегер атанды
Бүгін Германияда дзюдодан жастар арасында халықаралық Тюринги кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан жастар құрамасы жарысты 1 қола медальмен аяқтады.
+78 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз Камила Берліқаш жұбаныш финалында германиялық Рени Лашты жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды.
Айта кетерлігі, халықаралық жарысқа әлемнің 16 елінен 500-ден астам жас татами шеберлері қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или