Венгрия – Қазақстан: Ойын алдында

Венгрия – Қазақстан: Ойын алдында
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін футболдан Қазақстан құрамасы Венгриямен жолдастық кездесу өткізеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының тізгінін елімізге «Астана» футбол клубы арқылы танылған болгариялық маман Станимир Стоилов ұстаған болатын.

Қазақстанда футбол маусымы енді басталып жатқаны белгілі. Сондықтан Стоилов бапкерде барлық клуб ойыншыларын түгелдей қарап шығатын мүмкіндік бола қоймағаны белгілі. Сондықтан ұлттық құраманың су жаңа бапкері өзіне жақсы таныс «Астана» ойыншыларына сенім артып отыр. Бүгін алаңға шығатын он бір ойыншының басым көпшілігі елордалық командадан болса таңғала қоймаймыз. Венгрияға қарсы ойында алматылық «Қайрат» футбол клубының да бірнеше ойыншысы алаңға шығып қалуы керек. Дәлірек айтқанда Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Гафуржан Сүйімбаев сынды саңлақтар алаңға алғашқы минуттан шығуға лайық ойыншылар.

Венгрия құрамасының да қазіргі жағдайы мәз емес. Ресейде өтетін Әлем чемпионатынан сырт қалған соң қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс неміс маманы Бернд Шторк қызметінен кетіп орнына Жорж Лекенс келген болатын. Соңғысы бүгінде Болгария футболының қаймақтарының бәрін Қазақстанмен болатын ойынға шақыртып алған. Олардың қатарында Қазақстан чемпионатында ойнайтын Акош Элек мен Ласло Кляйнхайслер де бар.

Кездесу Астана уақытымен 00:00-де басталады. Ойында «QazSport» телеарнасы тікелей эфирден көрсетуді жоспарлап отыр.

Букмекерлік кеңселер кездесуде Венгрияның жеңіске жететініне сенімді. Олардың жеңісіне 1.4 коэфицент беруде. Тең ойынға - 4.93 коэфицент. Ал Қазақстан құрамасының жеңісіне 9 коэфицент беріп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер