UFC файтері марихуана үшін қатаң жазаланды

UFC файтері марихуана үшін қатаң жазаланды

Марихуана қолданғаны үшін алты айға спорттан шеттетілген аралас жекпе-жек (MMA) шебері Синтия Калвилло қосымша жазаға кесілді. Бұл жайлы MMA Fighting хабарлады.

Бұған дейін Калвилло Америкалыө антидопинг агенттігінің шешімі бойынша жарты жылға спорттан қуылған болатын. Ал кездесу Лас-Вегаста өткен соң іске жергілікті Невада (NAC) штатының атлетикалық коммисиясы араласты. NAC жауынгер аруды қосымша тоғыз айға ресми жарыстардан шеттету жайлы үкім шығарды. Сонымен қатар, 30 жастағы Калвилло 6,15 доллар айыппұл төлемек.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың желтоқсан айында америкалық спортшының қанынан марихуана іздері табылған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или