Бокс

Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі Монакода өтеді

Фируза Шарипованың келесі жекпе-жегі Монакода өтеді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәрипова 24 қазан күні Монакода жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Жекпе-жектің өтетін уақыты мен қарсыласы жайлы боксшының менеджері Сергей Завилейский айтып берді.

- Монако бокс федерациясының президенті Лоран Пуонспен келісімге келдік. халықаралық Sportel көрмесі аясында Монакода бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Фируза Шарипова өнер көрсетеді. Қарсыласы әлемдік рейтингіде екінші орында тұрған франциялық боксшы қыз Майва Хамадуш болады. Ол IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы. Ал Фируза болса IBO және WBS Silver белбеулерінің иегері.

Бұл бокс кешінің басты серіктесі Sportel көрмесі. Ал Лоран Пуонс оның вице-президенті. Бұл кеш Фирузаға телевизиялық үлкен мүмкіндік туғызып отыр. Өйткені, аталған көрмеге әлемдегі жетекші телеарналардың 3000-ға тарта өкілі келетін болады. Сондықтан, осындай үлкен іс-шараға қатысу біздің боксшыға көп пайдасын тигізеді,- деді Сергей Завилейский.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер