Күрес

Алмат Кебісбаев әлемдегі үздік балуандардың көшін бастап тұр

Алмат Кебісбаев әлемдегі үздік балуандардың көшін бастап тұр
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим күресінен екі дүркін Азия чемпионы атанған Алмат Кебісбаев халықаралық күрес ұйымының жаңартылған рейтингінде ең үздік балуандардың көшін бастады, деп хабарлайды отандық басылымдар.

Осыған дейін еркін күрес шебері Дәулет Ниязбековтың әлемдік рейтингіде көш бастағанын жазған едік.

Отандасымыз «Тахти кубогы» мен Азия чемпионатындағы жеңісінен кейін, 42 ұпай жинап, 67 келіде әлемнің ең үздік балуаны болып тұр. Рио Олимпиадасының чемпионы кубалық Исмаел Борреро екінші орынға жайғасқан. Ал Азия чемпионатының ақтық сынында Кебісбаевқа есе жіберген жапон балуаны Шимойамада үздік үштікті түйіндеп тұр.

Айта кетейік, Алмат Кебісбаев Бішкекте өткен Азия чемпионатында 67 келіде қарсыластарын қоғадай жапырып, екінші мәрте Азияның ең үздік балуаны атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер