русский язык

«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы сотқа тартылды

«Ордабасының» бұрынғы ойыншысы сотқа тартылды
news-banner7
mobile-news-top

Шымкенттік «Ордабасының» бұрынғы жартылай қорғаушысы Елдар Бақтығалиев алаяқтық жолмен қайырымдылық үшін деп үлкен көлемде қаржы жинаған деп айыпталып жатыр.

Бүгінгі сот отырысында ол аудан әкімдері, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың басшыларын алдағаны анықталды. Бұл істе 12 қылмыстық оқиға мен 11 жәбірленуші бар.

Сондай-ақ, жәбірленушілердің ішінде «Ордабасы» президенті де бар болып шықты. Ол Бақтығалиевке сеніп, қайырымдылық қорына 1,5 миллион теңге берген. Ал футболшы мұның бәрін өз қажетіне жұмсаған.

Оған тап болған әр клиент қайырымдылыққа деп 500 мыңнан 1,5 миллион теңгеге дейін ақша беріпті.

Сот алдағы екі аптаның ішінде жәбірленушілердің бәріне ақшаны қайтарып беруді талап етті.Похожее изображение

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;