Қазақстандық дзюдошылар жаңартылған рейтингте жоғары көтерілді

Қазақстандық дзюдошылар жаңартылған рейтингте жоғары көтерілді

Бүгін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Агадирде өткен әлемдік Гран При кезеңінен кейін дзюдошылар рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Қазақстан <span>дзюдо федерациясының ресми сайты.</span>

Жарыс қорытындысы бойынша жаңартылған тізімде аталмыш турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған қазақстандық дзюдошылар рейтингте жоғары көтерілген.

Атап айтқанда, Гран При Чемпионы Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) 9-шы орыннан 7-ші орынға, күміс жүлдегер атанған Ерлан Серікжанов (66 келі) 85-ші орыннан 48-ші орынға, ал Агадирде қола жүлдеге ие болған Бекәділ Шаймерденов (73 келі) 266-шы орыннан 73-ші орынға көтерілген.

Жаңартылған рейтинг кестесінде қазақстандық дзюдошылар келесідей орындарға жайғасқан (1-50):

60 келі

Ғұсман Қырғызбаев – 7-ші орын (3358 ұпай)

Елдос Сметов – 32 (1023)

Рустам Ибраев – 45 (695)

66 келі

Елдос Жұмақанов – 10 (2630)

Азамат Мұқанов – 43 (877)

Ерлан Серікжанов – 48 (840)

73 келі

Жансай Смағұлов- 11 (2636)

81 келі

Азиз Калқаманұлы – 50 (712)

90 келі

Ислам Бозбаев – 11 (2576)

-100 келі

Максим Раков – 24 (1409)

Виктор Демьяненко – 39 (865)

+100 келі

Ержан Шынкеев – 44 (743)

Естеріңізге сала кетсек, 9-11 наурыз күндері Агадирде дзюдодан әлемдік Гран При кезеңі өтті. Қазақстандық дзюдошылар 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медальмен жалпы командалық есепте жарысты 38 ел ішінде 6-шы орынмен аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или