Дзюдо

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Гран При сериясында топ жарды

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Гран При сериясында топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Бүгін Мароккода басталған әлемдік Гран При сериясында қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) өз салмағында топ жарды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Ғұсман финалдық кездесуде түрік балуаны Бекир Озлумен белдесіп, жеңіске жетті. Ал жартылай финалда жергілікті дзюдошы Ясин Моудатирді жеңген болатын.

Бұл жүлде еліміз құрамасы үшін аталған турнирдегі алғашқы медаль. Сонымен қатар бүгін 66 келі салмақта бақ сынайтын қос балуанымыз жүлдеге таласады. Атап айтар болсақ, Ерлан Серікжанов ақтық сында айқасса, Ерлан Жақсыбеков қола үшін күресетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, кезекті Гран При 9-11 наурыз аралығында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер