Алексей Полторанин Олимпиада чемпионынан озды

Алексей Полторанин Олимпиада чемпионынан озды

Шаңғышы Алексей Полторанин Финляндияның Лахти қаласында өткен Әлем Кубогының кезеңінде бірінші орын алды.

Олимпиада ойындарынада ел үмітін ақтай алмаған Алексей осы жолы 15 шақырым қашықтықта шаршау дегенді білген жоқ. Мәреге 33 минут 11,9 жеткен отандасымызға Пхенчхан Олимпиадасының жеңімпазыдары да ілесе алмады.

Полтораниннің соңын ала көмбеге Олимпиаданың қола жүлдегері ресейлік Александр Большунов жетті (9,1). Ал Олимпиада жеңімпазы, жергілікті спортшы Иво Нисканен үшінші болып келді <span>(+20.9).</span>

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или