Еркін күрес

Дəулет Ниязбеков Азия чемпионатының финалына шықты

news-banner7
mobile-news-top

Қырғызстанның Бішкек қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін еркін күрес шеберлері боз кілемде бақ сынады.

65 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Дəулет Ниязбеков ақтық сынға шықты. Ол алдымен Солтүстік Кореядан келген қарсыласын, екінші белдесуінде қырғызстандық балуанды жеңді. Ал жартылай финалда Өзбекстан балуанынан басым түсті.

Дәулет ақтық сында жапониялық Даичи Такатанимен белдеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер