Just Wrestling

Just Wrestling

All about wrestling of Kazakhstan

Қүрылған күні:

16 ақпан 2018

Блог негізін салушы:

Қаракерей

28 ақпан 2018

Жарыстың алғашқы күнінде өзбектер мен қырғыздарға есеміз кетті

Жарыстың алғашқы күнінде өзбектер мен қырғыздарға есеміз кетті

Бүгін Бішкекте күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалауын желбіретті. Жарыстың алғашқы күні грек-рим күрес шеберлері бес салмақ (55, 63, 77, 87, 130 келі) дәрежелері бойынша сайысқа түсіп, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды prosports.kz uww.com сайтына сілтеме жасап.

Құрлық біріншілігінің бірінші күні балуандарымыз ел қоржынына үш қола медаль еншіледі. 55 келіде Қорлан Жақанша қытайлық Лигуо Чаоны 7-4 есебімен ұтып, қола жүлдегер атанды.

2017 жылғы әлем және Азия чемпионатының күміс жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов өз күшін 63 келіде сынап, үшінші орынды қанағат тұтты.

Айта кететін жайт, Мейрамбектің жолын жартылай финалда қандасымыз Елмұрат Тасмұратов кесіп, төртінші рет Азия чемпионатын бағындырды.


Нью-Делиде Азия чемпионы атанған Мақсат Ережепов өз атағын қорғап қала алмады. Десе де үшінші орын үшін белдесуде қостанайлық балуан тәжікстандық Бахтовар Хасановты тізе бүктіріп, жарыстың қола жүлдегер атанды.   

Өкіншіке қарай, 87 келідегі Хосейн Муцольгов пен 130 келіде бақ сынаған жерлестеріміз Антон Савенко жергілікті қырығыз балуандарынан ұтылып, жүлделі орыннан тыс қалды.

Азия Чемпионаты. Бішкек-2018. Грек-рим күресі.

Бірінші күн нәтижелері:

55кг

1. С. Танокура (Жапония)

2. Ж. Шаршенбеков (Қырғызстан)

3. Қорлан Жақанша (Қазақстан)

4. К. Раджендер (Үндістан) 

63 кг

1. Елмұрат Тасмұратов (Өзбекстан)

2. Урматбек Аматов (Қырғызстан)

3. Мерамбек Айнағұлов (Қазақстан)

4. Д. Жунг (Оңтүстік Корея) 

77кг

1. Бин Янг (Қытай )

2. М.А. Гераи (Иран)

3. Мақсат Ережепов (Қазақстан)

4. Ш. Перманов (Үндістан)

87 кг

1. Х.А. Ноури (Иран)

2. Масато Суми (Жапония)

3. А. Беишебеков (Қырғыстан)

4. Фей Пенг (Қытай) 

130 кг

1. Б.А. Мехдизадех (Иран)

2. М. Абдуллаев (Өзбекстан)

3. Ксиаомин Ние (Қытай)

4. М. Рамонов (Қырғыстан) 

 Айта кетейік, жарыстың екінші күні, яғни 28 ақпан күні Айдос Сұлтанғали (60 кг), Алмат Кебіспаев (67 кг), Демеу Жадыраев (72 кг), Асхат Ділмұхамедов (82 кг), Ерұлан Ысқақов (98 кг) сынды мықты балуандарымыз бақтарын сынайды. 

 

 

 

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.