Пхёнчхандағы Олимпиадаға қатысқан спортшыларға қанша сыйақы төленеді
Оңтүстік Кореяның Пхёнчхан қаласында өткен Қысқы Олимпиада ойындары аяқталды. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан жалпы алғанда спортшыларға 185 мың доллар төлейді, деп хабарлайды отандық басылымдар.
Қазақстан споршылары тек бір қола медаль ғана жеңіп алды (фристайлдың могул түрінен Юлия Галышева). Сондай-ақ шорт-тректен ерлер командасы (Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Ажғалиев және Еркебұлан Шамұханов) үздік ондыққа кірді. Олар 5 000 метрлік эстафетада 6-шы орынға тұрақтады.
Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль алғандарға 250 мың доллар, күміс медаль иелеріне 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге 75 мың доллар беріледі. Ал 4, 5 және 6-шы орын алған қазақстандықтарға сыйақы ретінде 30, 10 және 5 мың доллар беріледі.
Сонымен қатар орын алған спортшылардың бапкерлеріне де осындай көлемде ақша беріледі. Бірақ, жүлде спортшының жеке бапкері және команданың жетекшісіне бөліп беріледі.
Осылайша Галышеваның өзіне 75 мың доллар, үш бапкеріне тағы 75 мың доллар беріледі. Ал шорт-трекшілердің бапкерлеріне 15 мың доллар бөлінген.
Сонымен, Қазақстан 2018 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша спортшылар мен бапкерлерге 185 мың доллар (59 миллион теңгеден аса) төлейді. Қаражаттың барлығы республика бюджетінен бөлінеді.