«Көгілдірлер» Олимпиада жұлдызына айналды

Бүгін мәресіне жететін Пхенчхандағы Олимпида ойындарының ең қызу талқыланған сәтін еске түсіруді бастаймыз.
CNN мәліметі бойынша, Корей елінде өтіп жатқан қысқы ойындарға 15 дәстүрлі емес жыныстық бағыттағы спортшылар қатысқан. Бұл қысқы Олимпиада тарихындағы рекордтық көрсеткіш.
Америкалық фрийстайлшы Гас Кенуорти Олимпиданың алғашқы аптасында әлем назарын өзіне аудартты. Жарыс аяқталғаннан соң Гас өзін қолдауға келген сүйіктісі, актер Мэтт Уилкаспен сүйісе кеткен. Өздерінің камераның түсіріп тұрғанынан байқамаған қос ғашық сол күні-ақ Олимпиаданың нағыз жұлдыздарына айналды.
- Шынымды айтсам, бұл Олимпиада ойындары мен қалаған сезімді сыйлай білді. Еліме жүлдесіз оралсам да, одан да көп тәжірибе жинақтадым. Бұл Олимпиадағы мен - нағыз бет-бейнемді көрсете білідм. Мен әлемге ашылдым, - дейді Гас Кенуорти.