Олимпиада чемпионы Арман Әшімовке күрестің қыр-сырын үйретеді

Олимпиада чемпионы Арман Әшімовке күрестің қыр-сырын үйретеді

Аралас жекпе-жектен аса жеңіл салмақтағы М-1 Global «уақытша» чемпиондық белбеуінің иегері, қазақстандық файтер Арман Әшімов Алматыдағы еркін күрес академиясында жаттығып, күрестің қыр-сырын Олимпиада чемпионы Қажымұрат Гацаловтан үйренеді, деп хабарлайды prosports.kz.

Алматыда еркін күрес академиясы 2017 жылдың шілде айында ашылған. Академияда жас балуандар өз шеберліктерін шыңдап, Қажымұрат Гацалов, Эдуард Базров, Руслан Нариманұлы Умралиев сынды білікті бапкерлерден тәлім алады. Сонымен қатар, еркін күрестен ұлттық құрама балуандары да осы орталықта жаттығып, оқу жаттығу жиындарын өткізеді. Енді міне сол еркін күрестен Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы, әлемге әйгілі балуан Қажымұрат Гацалов академия қабырғасында белді жауынгеріміз Арман «Мұстафа Өзтүрік» Әшімовты жаттықтыруға келісімін берді.

<span>Айта кетейік, Қажымұрат Гацалов жартылай а</span>уыр салмақтағы UFC чемпионы Даниэль Кормьенің жақын досы. Афина Олимпиадасында Қажымұрат Комьені тізе бүктіріп, олимп шыңын бағындырған.

Естеріңізге салайық, Арман Әшімов соңғы жекпе-жегінде М-1 Challenge 87 турнирінде финляндиялық Микаэль Силандерді екінші раундта сұлатып, аралас жекпе-жектен Қазақстан тарихында тұңғыш болып осы ұйымның «уақытша» чемпионы атанған еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или