Теннис федерациясы президентінің байлығы халықты бір ай асырауға жетеді
Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, ең бай азаматтар өздерінің үкіметтерін қаншалықты ұзақ мерзім қаржыландыра алады деген сауалға жауап іздеді. Жаңа көрсеткіш «Робин Гуд индексі» аталады деп жазады NUR.KZ-ке сілтеме жасаған Prosports.kz
Басылым ақпаратына сәйкес, ең табысты адам ретінде Кипрдің мұнай магнаты Джон Фредриксен танылды.
Ал ең бай қазақ Болат Өтемұратовтың дәулеті мемлекетті 33 күн бойы қолдау үшін жеткілікті.
Блумбергтің айтуынша, Өтемұратовтың байлығы 3,3 миллиард долларды құрайды, ал Қазақстан үкіметінің бір күндік шығын құны 101,2 миллион долларды құрайды.
Қытай үкіметі ең көп шығындарға ие. ҚХР-дың ең бай тұрғыны Джек Маның (Alibaba-ның негізін қалаушы) байлығы төрт күнге ғана жеткілікті.
Ресейдегі ең бай «Северсталь» ЖАҚ-ның басшысы Алексей Мордашов болды. Оның табысы бойынша Ресей үкіметі екі апта бойы жұмыс істей алады.
«Робин Худ индексі» ХВҚ-ның елдердің үкіметтік шығыстары мен миллиардерлердің меншікті индексі туралы деректерінің негізінде Bloomberg құрастырды. Зерттеу экспериментіндегі қаржылық талдауға 49 ел қатысты.
Айта кетейік, Болат Өтемұратов 2007 жылдан бері Қазақстан теннис федерациясын басқарып келеді, сондай-ақ Халықаралық теннис қауымдастығының (ITF) директорлар Кеңесінің мүшесі.