СІЗ БІЛМЕЙТІН ҚЫЗЫҚТАР
Қысқы

Қысқы Олимпиада туралы қызықты деректер

Қысқы Олимпиада туралы қызықты деректер
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында қысқы Олимпиада ойындары алауын жақты. Енді алдағы бірнеше күнде бүкіл әлемнің назары ақ Олимпиадада болмақ. Осы орайда назарларыңызға қысқы Олимпиада ойындары туралы қызықты деректерді ұсынамын.

- Алғашқы қысқы Олимпиада ойындары 1924 жылы Францияның Шамони қаласында өтті. Бұл додаға спорттың бар болғаны алты түрі ғана енген: шаңғы, биатлон, конькимен жүгіру, бобслей, мәнерлеп сырғанау және шайбалы хоккей.

- 1924 жылғы Олимпиаданың басты қаһарманы Соня Хени атты мәнерлеп сырғанаушы болды. Ол жарысқа қатысқан кезде 12 жасқа да толмаған.

- Ал қысқы Олимпиадада алғаш рет алау 1936 жылы Германияда жағылды. Салтанатты шараны Адольф Гитлер ашқан.

- 1980 жылы XIII қысқы Олимпиада АҚШ-тың Лэйк-Плейсиде қаласында өткен. Мұнда Олимпиада тарихында алғаш рет жасанды қар қолданылды.

- 1940 жылы Германияда және 1944 жылы Италияда өтеді деп жоспарланған қысқы Олимпиада ойындары Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан өтпей қалды.

- 1994 жылы Норвегияның Лиллехаммер қаласында өткен қысқы Олимпиада көптің есінде әлі сақтаулы. Себебі, сол кезде Сараевода соғыс болып жатқан еді. Ал Олимпиада кезінде соғыс тоқтатылды! Бұл ХОК президенті Хуан Антонио Самаранчтың арқасында болды.

- 2002 жылы америкалық Солт-Лейк-Ситидегі ойындарда бір жарыста төрт адам алтын медаль алды. Басында, ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар Антон Сихарулидзе мен Елена Бережная жұбына алтын жүлде табысталған. Алайда кейін Солтүстік Америка халқының қысымынан соң, әділ қазылар каданалық жұп Джейми Сале мен Дэвид Пеллитьеге де алтын медаль берді.

- 1972 жылы ХІ қысқы Олимпиадаға дайындық кезінде қызық оқиға болды. Стадионға Олимпиада туын алып келгенде, сондағы көрермендердің бірі таң қалған: тудағы дөңгелектердің түстері басқаша орналасқан (негізгі қатар: көгілдір, сары, қара, жасыл, қызыл). Мұны байқаған көрермен ұйымдастырушыларға ескертеді. Сөйтсе, «қате жасалған» ту 1952 жылдан бері қолданылған екен. Мұны 20 жыл бойы жаңағы көрерменнен басқа ешкім байқамаған.

- Қысқы Олимпиадаға Қазақстаннан (Қазақ КСР-і) барған алғашқы спортшы Александра Артеменко болды. Тау шаңғысы спортынан КСРО-ның 12 дүркін чемпионы 1956 жылы италиялық Кортина д'Ампеццо қаласында өткен қысқы Олимпиадаға қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер