Қазақстан боксшылары Венгрия елінде халықаралық турнирге қатысады

Қазақстан боксшылары Венгрия елінде халықаралық турнирге қатысады

Бокстан Қазақстан құрамасы Венгрияның Дебрецен қаласында өтетін дәстүрлі Иштван Бочкаи мемориалында бақ сынайды.

Турнирдің алғашқы жекпе-жектері бүгін өтеді. Ал жартылай финалдық кездесулер 9 ақпан, финал 10 ақпан күні өтеді деп жоспарланған. Бүгінгі кездесулер Астана уақыты 20:00 де басталады.

Аталған турнирге Қазақстан құрамасы еліміздің бірінші, екінші және үшінші номерлі боксшыларынан жасақталған аралас құраммен қатысып жатыр. Құрама сапында Әнуар Мұзапаров (52 келіге дейін), Ильяс Сүлейменов (56 келі), Ертуған Зейнуллинов (60 келі), Санатәлі Төлтаев (64 келі), Асланбек Шымбергенов (69 келі) ), Абай Төлеш (75 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі) және Айболды Дәуренұлы (91 келіден жоғары) қатарлы боксшылар бар.

Естеріңізге сала кетейік, Иштван Бочкаи турнирінде әлемнің 23 елінен келген 158 боксшы өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или