Қазақстан құрамасы әлемдік «Grand Slam» турниріне қатысады

Қазақстан құрамасы әлемдік «Grand Slam» турниріне қатысады

Францияның Париж қаласында 10-11 ақпан күндері өтетін дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирінде Қазақстан құрамасының балуандары бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайты.

Аталған әлемдік додаға 74 мемлекеттен ең таңдаулы 445 дзюдошы қатысады деп жоспарланып отыр. Қазақстан ерлер құрамасы бұл жарыстан тыс қалады. Ал ел намысын қорғауға Қазақстан әйелдер командасынан үш балуан барады.

Олар - 48 келі салмақта Ақмарал Науатбек, 52 келі салмақта Кәмшат Қарасайқызы және 57 келі салмақта Анна Казюлина. «Grand Slam» турнирінде бас жүлдені жеңіп алған балуанға 1000 ұпай берілсе, екінші орынға иелік еткен балуанға 700 ұпай беріледі. Ал үздік үштікті түйіндеген балуандар 500 ұпайға иелік етеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или