Франциядағы «Grand Slam» турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі

Франциядағы «Grand Slam» турниріне қатысатын қазақстандықтар белгілі

Францияның Париж қаласында дзюдодан әлемдік «Grand Slam» турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz ҚР дзюдо федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Аталмыш жарысқа әлемнің 74 елінен 445 дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Қазақстан ерлер құрамасы бұл жарыстан тыс қалады.

Дегенмен ел намысын қыздардан Ақмарал Науатбек (48 кг), Кәмшат Қарасайқызы (52 кг) және Анна Казюлина (57 кг) қорғайтын болады.

«Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне берілетін ұпай сандары төмендегідей:

І орын – 1000 ұпай

ІІ орын - 700 ұпай

ІІІ орын–500 ұпай

<span>«Grand Slam» турнирі 10-11 ақпанда өтеді. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или