Күрес

Гюзель Манюрова әйелдер күресі бойынша вице-президент болды

Гюзель Манюрова әйелдер күресі бойынша вице-президент болды
news-banner7
mobile-news-top

ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Сауат Мыңбаевтың жарлығымен Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс медаль иегері, Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының төрт дүркін чемпионы Гюзель Манюрова әйелдер күресі бойынша вице-президент болып тағайындалды.

Бұл туралы ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

Гюзель Манюрованың әлемдік күресте алар орыны ерекше. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қола жүлдеге ие болған Манюрова Азия чемпионатында төрт мәрте топ жарып, Азия ойындарының екі дүркін жүлдегері атанды. Осыдан екі жыл бұрын Рио Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Қазақстанның әйелдер күресінен бас бапкері қызметін атқарды.

Атап өтерлігі, Гюзель бойжеткендерге бас бапкер болып жұмыс істеген әлемдегі алғашқы бапкер-әйел. Балуан ретінде әйелдер күресінің дамуына ерекше үлес қосқан Гюзель Тагирқызы енді басшылық қызметте де жоғары жетістікке жетеді деген сенімдеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер