УЕФА Ұлттар лигасы жеребе тарту рәсімінің тікелей көрсетілімі

Бүгін биыл алғаш рет ұйымдастырылатын UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылады.
Аталмыш рәсім Лозаннаның (Швейцария) Swiss Tech Convention орталығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша футболдан Қазақстан құрамасы өзінің қарсыластарын біледі. Жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады. Оның тікелей трансляциясын УЕФА ұйыммының ресми сайтынан көрсеңіз болады. Сонымен қатар, тікелей көрсетілім мына сілтемелерде жүргізіледі:
<span>Естеріңізге салайық, Қазақстан құрамасы «D» дививзионында өнер көрсетеді. УЕФА Ұлттар лигасының ең соңғы «D» тобында Еуропадағы футбол қауымдастықтары одағының рейтингісінде 40-55 орындарға орналасқан 16 құрама ойнайды. Олар төрт топқа тең бөлінеді. Әзірше осы лигадағы құрамалар төмендегідей төрт қоржынға жіктелді: 1-қоржын: Әзербайжан, Македония, Беларусь, Грузия; 2-қоржын: Армения, Латвия, Фарер аралдары, Люксембург; 3-қоржын: Қазақстан, Молдова, Лихтенштейн, Мальта; 4-қоржын: Андорра, Косово, Сан-Марино, Гибралтар. </span>