Теннис

Зарина Дияс Australian Open-2018 турнирінің жұптық сынында да жеңіліп қалды

news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық тениссші қыз Зарина Дияс(60) Australian Open-2018 турниріндегі сапарын түбегейлі аяқтады.

Осының алдында жекелей сында жолы болмай, бірінші айналымда жарыс жолынан шығып қалған еді. Ол кезде румыниялық Сорана Кырстяға 7:5, 6:4, 6:3 нәтижесімен жол берген болатын.

Енді бүгін өткен жұптық кездесуде де сәтті өнер көрсете алмады. Польша қызы Магда Линеттпен(74) жұп құраған қазақстандық Чехиядан келген қарсыластарына төтеп бере алмады. Барбора Крейчикова(128) мен Катерина Синякова(59) жұбы Зарина Дияс пен Магда Линеттті 2:0 (6:4, 6:2) есебімен ұтып кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер