Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты
Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің шешімімен дзюдодан Қазақстан ұлттық ерлер құрама командасының бас бапкері болып Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы тағайындалды.
<br />Смағұлов Айдын Құдайбергенұлы – қазақстандық маман, дзюдодан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Даңқ» орденінің иегері. Смағұлов 2000 жылы Қырғызстан Республикасы сапында Сиднейде өткен жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, қола жүлдеге ие болған.<span> </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или