Әлем чемпиондары – олар кімдер?

Әлем чемпиондары – олар кімдер?

Кәсіпқой бокста төрт басты тұжырым бар. Олар WBC, WBA, IBF және WBO. Кейінгі кездері ІВО тұжырымы да ақырындап беделге ие бола бастады. Бүгін біз назарларыңызға әр салмақтағы барлық әлем чемпиондарын ұсынамыз.<span id="more-5185" />

WBC, WBA, IBF және WBO. Өз салмағында осы төрт тұжырымның да белбеуін жеңіп алған боксшы абсолютті чемпион атанады. Қазір ондай боксшы жоқ. Соңғысы Теренс Кроуфорд болатын. Салмақ ауыстырғаннан кейін Кроуфордтың белбеулері вакантты болып қалды. Алайда, соған қарамастан бұл боксшыны абсолютті чемпион деуге әбден болады. Өйткені, ол белбеулерін жеңіліспен босатқан жоқ. Ал алдағы уақытта барлық белбеулерді біріктіруге қазақстандық Геннадий Головкиннің мүмкіндігі мол. ІВО тұжырымына дейін ұтып алған жерлесімізге бір ғана белбеу жетпей тұр. Ол Билли Джо Сондерске тиесілі WBO чемпиондық атағы. Ал одан кейінгі орында екі белбеумен ұлыбританиялық Энтони Джошуа, америкалық Кит Турман және Жанат Жақияновтан бір белбеуді тартып алған ағылшын жігіті Райан Барнетт тұр.

Ал жалпы, бүгінде бес тұжырымның 17 салмағын қосқанда әлемде барлығы 62 чемпион бар екен. 23 белбеу вакантты ретінде тұр.

Назарларыңызға бүгінгі таңдағы барлық әлем чемпиондарын ұсынамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или