Күрес

Олимпиада чемпионы атағын алған тұңғыш қазақ туралы фильм түсіріліп жатыр

news-banner7
mobile-news-top

Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазақ - Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм түсіріліп жатыр.

«Біздің өндірісте қазіргі уақытта Жақсылық Үшкемпіров туралы фильм бар. Бұл Олимпиада чемпионына арналған тұңғыш фильм. Біздің мемлекетте чемпиондар туралы бірде-бір кино түсірілмеген. Бұл біз үшін аса қажет», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы «Кинематография туралы» заң жобасын таныстыру кезінде.

Министр өз сөзінде тың картинаға толығымен бюджет көзінен ақша бөлінетінін мәлім етті.

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақ КСР еркін күрес бойынша чемпионы. Сонымен бірге, ол - Әлем чемпионы (1981), Әлем кубогының күміс жүлдегері (1980), Кеңес одағы біріншілігінің екі дүркін жеңімпазы (1975, 1980).

Еске сала кетсек, 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жақсылық Үшкемпіровке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берген болатын.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер