Ақ Олимпиадаға 60 жолдама алу жоспарлануда
Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитеті биылғы жылды қорытындылап, алдағы бағыт-бағдарды нақтылады.

Қыр астында Ақ Олимпиада тұрғаны анық. Пхенчхан ойындарында да олжа салуды ойлайтын қазақ елі қазірдің өзінде шаш етектен шаруа атқарыпты.

Өткен жылғы жетістіктерді атай отырып, алдағы атқарылар жұмыстар тізімін ұсынған Тимур Құлыбаев бірінші кезекте Халықаралық Олимпиада комитеті қойған талаптарға жауапты қарауға шақырды.

Бұл ретте әрине, тиым салынған дәрі-дәрмек түрлеріне абай болу маңызды. Қазір әлемдік антидопингтік агенттік тым қатал. Қия басқанды жазалайды. Спорт түрлері қауымдастықтарының жетекшілеріне осы мәселе тағы бір пысықталып, ендігі кезекте Оңтүстік Кореяға мейілінше көп спортшы апару, яғни жолдаманы көптеп алу жағы талқыланды.

Елсияр Қанағатов, ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

– Жалпы қысқы олимпиадаға біз тоғыз спорт түрінен баруға жоспар құрып отырмыз. Қазіргі таңда біздің құрама командалар лицензия алу жарыстарына, жолдама алу жарыстарына қатысып жатыр. Қазіргі таңды айтатын болсақ, біз биатлоннан он жолдамамыз бар, мәнерлеп сырғанаудан үш жолдама бар және осы жақында шорт тректен он шақты жолдамаға қол жеткіздік. Сондықтан болашақта сол алпысқа жуық жолдама алуға жоспар құрып отырмыз.