Рыпакова жылдың үздіктерін марапаттау рәсіміне қатысады
Қазақстандық үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова Монакода өтетін 2017 жылдың үздік жеңіл атлеттерін марапаттау рәсіміне арнайы шақырту алды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты Қазақстаннан салтанатты шараға тек Ольга Рыпакова ғана жеке шақырту алғанын, осы рәсімге қатысу үшін спортшы аталған мемлекетке ұшып кеткенін жазды.
Салтанатты шара, бүгін, яғни 24 қараша өтеді. Онда Халықаралық жеңіл атлетика федерациялар қауымдастығы жылдың үздіктерін марапаттайтын болады.
Олимпиада чемпионы IAAF Athletics Awards 2017 марапаттау рәсіміне күйеуі Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетика федерациясының президенті Денис Рыпаковпен бірге қонақ ретінде қатысады.
Ал жылдың үздігі атануға үміткерлердің арасында 10 ер, 10 әйел спортшы бар.
Ерлер: Мутаз Баршим (Катар, биіктікке секіру) Павел Файдек (Польша, балға лақтыру) Мохаммед Фара (Ұлыбритания, жүгіру) Сэм Кендрикс (АҚШ, сырықпен секіру) Элайя Манангои (Кения, жүгіру) Луво Маньонга (ОАР, ұзындыққа секіру) Омар Маклауд (Ямайка, жүгіру) Кристиан Тэйлор (АҚШ, үш қарғып секіру) Уэйд ван Никерк (ОАР, жүгіру) Йоханнес Феттер (Германия, найза лақтыру)
Әйелдер: Алмаз Аяна (Эфиопия, жүгіру) Мария Ласицкене (Ресей, биіктікке секіру) Хеллен Обири (Кения, жүгіру) Салли Пирсон (Аустралия, жүгіру) Сандра Перкович (Хорватия, диск) Бритни Рис (АҚШ, ұзындыққа секіру) Кастер Семеня (ОАР, жүгіру) Екатерини Стефаниди (Грекия, сырықпен секіру) Нафиссату Тиам (Бельгия, жетісайыс) Анита Влодарчик (Польша, балға лақтыру).
Айта кетейік, 9 жылдан бері бұл тізімге алғаш рет жақында карьерасын аяқтаған спринтер Усейн Болт енбей қалды. Ямайкалық атлет 6 рет әлемнің үздігі атанған болатын.<br /><br />